Қарыздар бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпаратты жариялаған кезде сыйақы мөлшерлемесін дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептеп көрсетпегені үшін екі банкке әкімшілік жаза қолданылды. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.