Тимур Жақсылықов бұған дейін тұрғындар үшін коммуналдық қызметтерге мораторий қолданылғанын атап өтті. Оның айтуынша бұл мораторий 180 күнге созылып,100-ден астам табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері түзетілген. Бұл халыққа 3 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.