Қазақстанда кейбір сүт өндірушілер іргедегі Ресейдің нарығына өз өнімдерін өткізе алмай қалған. Кәсіпкерлердің айтуынша, көрші елде енгізілген "Әділ белгі" жүйесі экспортқа кедергі келтіріп отыр. Талапқа сәйкес, бұдан былай Ресейге тасымалданатын өнімдер арнайы белгімен таңбалануы тиіс. Ал бұл талапты орындау кәсіпорын иелеріне қомақты шығын екен. Сондықтан, кәсіпкерлер сүт өнімдерінің бағасын көтеруі мүмкін дейді сарапшылар