Ұлттық банкке сілтеме жасаған LS-тің мәліметінше, 2022 жылдың 10 айында 7858 инвестициялық монета сатылған, оның ішінде алтын – 2670 дана, күміс – 5188 дана . Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда алтыннан (ALTYN BARYS) сатылған монеталардың көлемі 97,2%-ға, ал күміс монеталар сатылымы (KUMIS BARYS) 73,6%-ға өскен.