Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы ХҚКО операторларын BI Group және G-Park құрылыс компанияларының кеңселеріне орналастырды. Енді Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкентте тұрғындарында нотариустардан басқа, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрғын үй сатып алу кезінде мәмілені рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Осылайша тұрғынар бұл үшін 6 есеге аз қаражат төлей алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.