Белгісіз тұлғалар өздерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға телефон соғып, 500 мың теңгеден астам ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.