Енді баспанасыз жүрген қазақстандықтарға 5 пайызбен ипотека беру бағдарламасы іске қосылмақ. Алайда бұл тек моноқалалардың тұрғындарына қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бастапқы жарна 10 пайыз, жылдық ставкасы 5 пайыздан аспайтын жеңілдетілген ипотека беруді тапсырған.