«Биыл 15 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) 2015 жылы жасалған опциондық келісім аясындағы құқығын пайдаланып, «Самұрық-Қазына» АҚ-дан (Қор) Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған жобасы) бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің 16,88% тиесілі «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК компаниясындағы 50% үлесін 3,8 млрд долларға сатып алды».