Бмнктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, субсидиялау бағдарламасының 17 мың қатысушысы «Отбасы Банк» АҚ-нан өтінім беру процесін тестілеуге қатысу туралы SMS-шақырту алды. Сәуір айының ішінде олар онлайн режимде өтінім тапсырып, банк мақұлдауын алулары қажет. Оны otbasybank.kz порталында («Баспана маркет» маркетплейсі) «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде жасау керек.