Қазақстандық дилерлер елдегі автокөліктердің тапшылығын ресейлік азаматтардан көреді. Олар жаңа көліктердің жергілікті тұрғындардың өзіне жетпей жатқанын алға тартады. Соңғы күндері Ресей азаматтары елімізден көлік сатып алып, оны қайта сату үшін шекарадан кері тасып жатқан көрінеді. Тіпті БАҚ беттерінде ресейліктердің көлік сатып алу үшін қазақстандықтарға қосымша 350 мың теңге төлейтіні туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.