ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 қыркүйектен бастап Ресейде қант экспортына шектеулер өз жұмысын тоқтатқанын айтты. Қазақстандық кәсіпкерлер 14 мың тонна қант сатып алуға келісім-шартқа отырған. Демек алдағы уақытта елімізде бұл өнімге тапшылық мәселесі шешілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.