Табысынан небәрі 1, 10, 100 теңге асып кеткен көпбалалы аналар атаулы әлеуметтік көмек ала алмаған. Алимент пен жәрдемақыдан қағылған олар үкіметке өз шағымдарын айтты. Ал еңбек министрлігіндегілер кірісі көрсетілген сомадан асқан жанұяларға әкімшіліктен қосымша көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.