Ала таңнан бері бірнеше газ бекетін аралап, көлігіне көгілдір отын құя алмай жүргендердің бірі - Михаил Филипов. Оның сөзінше, бекеттердегі сұйық отынның бағасын көргенде "шалқасынан түсе" жаздапты. Кеше ғана 110 теңге тұрған газдың бір литрі бір түннің ішінде 20 теңгеге өскен.