Биыл 26 ақпанда Ақ үй Еуропалық комиссия, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ көшбасшыларының Ресейге қатысты бұдан былайғы шектеулі экономикалық шаралар туралы бірлескен мәлімдемесін жариялады. Атап айтқанда, шаралар Ресейдің жекелеген банктерін SWIFT хабарларымен алмасу жүйесінен алып тастауды және басқа шектеу шараларын, оның ішінде Ресейдің Орталық банкіне қатысты шектеу шараларын енгізуді көздейді.