"Жаңа Қазақстанды" құру жолындағы қаңтар оқиғаларының салдары көп және әлі күнге дейін мемлекеттік құрылымдардың басшылығы үшін де, қарапайым қазақстандықтар үшін де күтпеген тосынсыйларын жалғастыруда. Еліміздегі төтенше жағдай режимі күшіне енген уақытта кейбір компаниялардың қызметкерлерін жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы туралы өтінішке күштеп қол қойдыру туралы жағдайлар мәлім болған. Түсіп жатқан арыз-шағымдардың санына қарағанда мұндай оқиғалар бүкіл Қазақстанда болып жатқанға ұқсайды. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.