Бір ғана Арыс қаласында өндірілген шұбат пен қымыран еліміздің әр өңірінде үлкен сұранысқа ие. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдаланғысы келген ғалымдар аймақта түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт ашты. Бұл Дермене ауылдық округіне қарасты Саналы елді мекені. Мұндағы тұрғындар түйенің бабын тауып, сүтін өңдеуді кәсіп етіп алған. Шаруашылықты игергендер тәулігіне жеті мың литр шұбат мен қымыран өнімін саудалайды. Түркістан мен Шымкент, тіпті Қарағанды қаласына да жөнелтіп жатыр.