Қазақстанның қорғаныс министрлігі Қырғызстанның қарулы күштеріне бір реттік негізде әскери техникаларды береді. Қазіргі уақытта екі ел өкілдері көмек көлемін келісіп жатыр. Бұл жөнінде қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.