Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі жұмыс істей бастағанын жеткізді. Өткен жылдың шілде айынан бері 1093 ауылдық елді мекеннің басшысы сайланып, олардың 215-і өзін-өзі ұсынғандар болса, жаңадан сайланған әкімдердің116-сы нәзік жандылар болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.