Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тарихи отанына оралған этникалық қазақтар үшін төрт мемлекеттік қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіле бастады. "Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту" қызметі қоныс аударушыларға қажет тағы үш қызметпен бірге көрсетіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.