Жалпы қоғамда болып жатқан құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жөнінде бірінші хабардар болып отыратын кезекші бөлімнің қызметкерлері. 102 арнасына келіп түскен әрбір ақпарат бойынша өздерінің міндетін мүлтіксіз атқарып отыратын тәжірибелі полицейлердің жұмысы қашанда қарбаласқа толы.