«Сайлау туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды және бұл сайлау мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс. Осылайша, ҚР Президентінің жарлықтарына сәйкес, бүгінгі күннен бастап Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқаны басталды», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР ОСК бүгінгі отырысында.