Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында зейнетақының бір бөлігін тұрғын үй алу үшін аударып тұруға рұқсат беруді тапсырды. Бұған қоса, ол елімізде азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарлама іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.