Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Ұлыбритания министріне ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін оның бүгінгі сапарының мәні зор және өңірлік ауқымдағы маңызды оқиға екеніне назар аударды. – Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін береді. Мен Сіздің жақында Сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзіңізді тыңдадым. Онда Ұлыбританияның сыртқы саясаттағы ұзақ мерзімді ұстанымы қамтылды және шын мәнінде, өте маңызды мәселелер айтылды, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. – Біздің ынтымақтастығымыз, әсіресе, экономика және саяси салаларда өте табысты деп баға бергім келеді. Өзара байланыстарымыздың оң бағытын одан әрі ілгерілету үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек, – деді Президент. 1 Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Риши Сунаққа сәлемі мен ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ Ұлыбритания Үкіметінің басшысын елімізге өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сапармен келуге шақырды. Бұл сапар екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған бірқатар нақты мәселені талқылауға жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті. Өз кезегінде Джеймс Клеверли Астана мен Лондон арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Ұлыбритания Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды оң бағалайды. – Сіздің еліңіз – аймақтағы біздің негізгі сауда серіктесіміз. Экономикалық өсімге бағытталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеу үшін жақсы мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан салық саласындағы реформалар бағдарламасы өзара тиімді экономикалық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын, – деді Ұлыбритания министрі. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Читать источник Alashainasy
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
5 қаңтардағы валюта бағамы қандай
4 қаңтарға арналған валюта бағамы
Алматыда 4 қаңтарда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
Халықтың жағдайы экономикалық өсіммен бірге жақсаруы керек - сарапшы Президент сұхбаты жайлы
Алматыда 3 қаңтарда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
Алматыда 2 қаңтарда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
2 қаңтардағы валюта бағамы
Жаңа жылдың алдында доллар қайта қымбаттап кетті
2025 жылғы 1 қаңтардағы валюта бағамы:
Қазақстан азаматтарының несие мөлшері 20 триллион теңгеден асты
Биыл елімізде сауда 8,2 пайызға өсті
Жыл қорытындысы: әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және еңбек құқығын қорғау саласындағы жетістіктер
"Қандай клубтар бар?!": Қазақстанның футбол клубтары бейнеленген монеталар шығарылады
2024 жылғы 31 желтоқсандағы валюта бағамы
Жыл қорытындысы: ғылымға қаржы бөлу, оқытудың жаңа бағдарламалары және ғылыми әзірлемелерді іс жүзінде қолдануға баса назар аудару
30 желтоқсанға арналған валюта бағамы
29 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Алматыда 29 желтоқсанда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
Қазақстан Азия аймағында инвестиция тарту бойынша көш бастады
29 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Мұнай арзандап жатыр: Доллар бағасы нығая ма?