Солтүстік Корея билігі елде коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгенін мәлімдеді. Анықталғандай, "Омикрон" штамын Пхеньян тұрғыны жұқтырған. COVID-19 белгілері бар тұрғындардан сараптама 8 мамыр күні алынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.