Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Абай Құнанбайұлының бюстінің ашылу салтанатына қатысты. Мемлекет басшысы Сеулдегі Кибер университетінің аумағында Абай бюстінің ашылуын жоғары бағалап, бұл маңызды оқиғаның Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.