5 маусымда өткен референдум аясында қабылданған өзгерістерге сәйкес президенттің жақын туыстары басшылық қызметтерді атқара алмайды. Ал референдумға дейін әділет министрі Тоқаевтың әпкесінің күйеуі Теміртай Ізбастин елші қызметінен кетуі керек екенін айтқан. Дегенмен үш ай өткен соң министр Ізбастинді танымайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық рухына сілтеме жасап.