Еділ Сабырұлы ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, - делінген хабарламада.