Елімізде Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында ҚР Үкіметі табиғи өртке қарсы іс-қимыл жүйесін нығайту жұмыстарын жалғастырып жатыр. ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Орман қорын күзету және қорғау қызметін құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағыжаңа Республикалық азаматтық қорғау қызметі ТЖ кезінде, оның ішінде орман өрттерін сөндіру барысында орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Орман өрттеріне қарсы іс-қимыл ормандарды көбейтуге және ағаштарды кесуге ғылыми тәсілді, сондай-ақ кешенді алдын алу шараларын қабылдау мен тиісті құзыреттерді дамытуды қажет етеді. Бөлек қызмет құру қажеттілігі осындай талаптардан туындап отыр. Орман қорын күзету және қорғау қызметінің құрылуы мемлекеттік органдардың алапат орман өрттеріне қарсы күрес шараларын үйлестіруін жақсартуға, тиісті мекемелерді техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру үшін білікті кадрлар құрамын жасақтауға мүмкіндік береді деп жоспарланған.Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанда 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі бар. Олар еліміздегі тіршілікті қамтамасыз ететін институттардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған. Олардың қатарына Өрт сөндіру қызметі, Медициналық қызмет, Химиялық қорғау қызметі, Инженерлік қызмет, Радиациядан қорғау қызметі, Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет және т. б. жатады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің су тасқыны салдарын жою жөніндегі есебін тыңдады
Олжас Сүлейменов 88 жасқа толды
Нора Джеруто Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының тұрғындарына алғыс айтты
Кілтті жоғалтып алғаны үшін әйелін ұрып-соққан: ер адам қамауға алынды
Ақтөбе облысында өрт кезінде екі адам қаза тапты
Сарайшық ауылында зиратты қорғап қалу үшін 800 метр жанама бөгет соғылды
Қой ұрламақ болды деп ойлаған: Жамбыл облысында 3 азамат ауылдасын өлтірген
Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды
Алматыда лифтінің алдында бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адам ұсталды
БҚО-да зейнеткер "түрлі ауруға ем" көрпені 300 мың теңгеге сатып алған
Баланы интернеттің жабайы орманынан қорғайтын технология жасалды. Өте пайдалы
Жыл басынан бері 19 бала есірткі таратқан: ІІМ үндеу жасады
Сарайшықта зиратты қорғап қалу үшін жанама бөгет соғылды
Жеңілатлет Нора Джерута Олимпиадаға іріктеуден өтті
Тасқынмен күрес: Жапония Қазақстанға гидротехникалық құрылыстарды нығайтуға көмектеспек
ШҚО-да 1938 жылы салынған туристік көпір құлап қалды
Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеуге өтемақы төлене бастады
Алматыда әйелін өзгелердің көзінше ұрып тастаған ер адам қамауға алынды
Үкімет ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін отандық кәсіпкерлерді қолдайды
Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына өтемақы төленді
Мәулен Әшімбаев «Run for Autism» қайырымдылық жарысына қатасты
Алматыдан 280 шақырым жерде жер сілкінді
Құлсарыда 150 үйдің құрылысы басталады