Бүгін жастар қанаты орталық кеңесінің отырысында ұйымның кезектен тыс съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Кеңес жұмысына партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысты. «Еліміздің саяси жүйесінің трансформациясы «AMANAT» партиясынан басталды. Біздің партиямыз барлық саяси өзгерістің алдыңғы қатарынан табылып отыр. Жаңа Қазақстанды құру жағдайында жастарға негізгі рөл беріледі. Сондықтан наурыз айынан бастап жастар қанатын мазмұнды қайта жандандыру …