«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелері Ақмола облысының Егіндікөл ауданына барды. Тұрғындар бұған дейін партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың азаматтарды жеке қабылдауы кезінде судың жоқтығына шағымданған еді. «30 жыл бойы су құбырының жиі істен шығуынан зардап шегіп келеміз. Соңғы кездерітіпті ауыз сусыз қалдық. Партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіргеннен кейін апат салдары жойылды», …