Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «AMANAT CUP» бірінші республикалық шахмат турнирі өтті. Онда 8-35 жас аралығындағы екінші және одан жоғары разрядтағы 200-ден астам қатысушы елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументінің алаңында бақ сынады. Чемпионат жеңімпаздарын құттықтаған «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бұл турнирдің Балалар жылына орай және елімізде шахматты кеңінен насихаттауға бағытталғанын атап өтті. «Бүгінде …