«AMANAT» партиясы статистикалық есептің жаңа әдістемесін әзірлеп, әрбір ауылдың экономикалық мамандануын анықтайтын деректер жинауды жоспарлап отыр. Бұл «Ауыл аманаты» жобасы аясында партия жанындағы жобалық кеңсе арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев айтты. «Ауыл аманаты» – биыл 14 сәуірде қабылданған «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының қосалқы …