Халықты бәрінен бұрын азық-түлік бағасының шарықтап кетуі алаңдатып отыр. Есесіне елде инфляция деңгейін төмендету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілмейді. Бұл жайында «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Сыртқы инфляциялық жағдайдың нашарлауынан елдегі инфляцияның деңгейі өскен. Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімовтің айтуынша, сәуірде жылдық инфляция 13,2% болып, бұл …