«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Энергетика комитетінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Жиында оның құрамы мен ережесі бекітілді деп хабарлады turkystan.kz. Комитет төрағасы болып Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов сайланды. Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, осы алаңда мүдделі мемлекеттік органдардың, ірі энергетикалық корпорациялардың, өңірлік кәсіпорындардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен энергетика саласының …