«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Көлік және логистика комитетінің ұйымдастыру жөніндегі отырысы өтті. Онда комитеттің құрамы мен ережесі бекітілді. Жиында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі комитет төрағасы болып сайланды. Сала мамандарының пікірін ескере отырып, комитет құрамына теміржол тасымалдаушылары қауымдастығының, вагон операторларының, ұлттық экспедиторлардың, жолаушылар көлігінің, бизнес-қоғамдастықтың, бейінді министрліктердің өкілдері кірді. Отырыста саланың транзиттік инфрақұрылымын дамыту, …