«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Батыс Қазақстан облысында партияның сайлауалды бағдарламасының ауылдық елді мекендерде орындалу барысын тексерді. Ал Оралда партия активімен және зиялы қауым өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, алдағы референдумның маңызын талқылады. Теректі ауданы Магистральное ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері елді мекенге кірер жолдың сапасына шағымданып келеді. Бұл мәселе партияның 2021 жылға арналған аудандық …