«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ауыл және ауылдық округ әкімдерін оқыту бағдарламасын бастады. Оның бірінші кезеңінде 500-ден астам ауыл әкімі халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы біліктілігін жетілдіру курсынан өтуде. Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бейнеконференция байланысы арқылы Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған ауыл, ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларын оқыту семинарына …