«AMANAT» партиясы 5 маусымда өтетін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумды қолдау үшін партия жанынан штаб құрған болатын. Конституция реформаланып, ондағы 33 бапқа түзету енгізілетін маңызды оқиға Президент айтқан жаңа, әділетті Қазақстанды құрудың негізгі қадамы болатыны анық. Ал Жаңа Қазақстанды құруға ел азаматтары түгелдей атсалысуы керек екені де мәселе көтерілгелі бері айтылып келеді. …