«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов онлайн форматта партияның өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді. Онда халықпен кездесулер кезінде берілген уәделердің орындалу барысымен танысты. Аманаттықтар аймақтардың басым көпшілігінде болып, онда сайлауалды уәделердің орындалу барысын тексеріп қана қоймай, азаматтардың түрлі мәселелерге қатысты өтініштерін қарады. Мәселен, қаңтар қақтығы салдарынан кәсібі зардап шеккен Алматыдағы кәсіпкерлермен кездесу барысында партиялықтар өтемақыны уақытылы …