Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті аграрлармен, зиялы қауым өкілдерімен, БПҰ төрағаларымен және партия активімен бірқатар кездесу өткізді. Асхат Оралов Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Полудинское ауылындағы сүт-тауар фермасының алаңында облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, алдағы конституциялық реформаның маңызын талқылады. «Конституциялық реформа – «Жаңа Қазақстанды» құрудың нақты механизмі. Ата Заңымызда …