Бірнеше жылға созылып, атыраулықтардың алаңдаушылығын тудырған «Атырау-Астрахань» тас жолын жөндеу жұмысы қайта жалғасын тапты. AMANAT партиясының өңірлік қабылдау бөліміне Атырау облысындағы «Исатай» ауылының тұрғыны Қайырлиева Балғаным «Атырау-Астрахань» тас жолын жөндеу мәселесі бойынша жүгінген. Ол 3 жыл бұрын басталған «Атырау-Астрахань» жолындағы жөндеу жұмыстары жиі тоқтап тұратынын айтып, алаңдаушылық білдірген. Балғаным Қуандыққызының айтуынша, Исатай ауданының 7 ауылдық […]