Кеше республикалық референдум штабының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы Жуалы ауданына арнайы келіп, жұртшылық өкілдерімен кездесті. Негізгі мақсат – 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға жұртшылықты белсенді қатысуға шақыру және Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, облыстық референдум штабының мүшесі Жанар Орынбаева және АМАNАТ партиясы аудандық […]