Мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтай, Гүлнар Бижанова, Юрий Жулин, Арман Қожахметов және Тілектес Адамбеков Қарағанды облысындағы Е.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетке барып, оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесуде депутаттар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумның маңызы мен мақсаты туралы айтты. «Реформа халықтың елді басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге және тұтастай алғанда азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді», …