Бүгін Сыр өңірінің жұртшылығы да жалпыхалықтық референдумға бір кісідей үн қосуда. Таң атқаннан сайлау учаскелерінде лег-легімен ағылған халық Ата Заңымызға 56 өзгеріс енгізу бойынша өз таңдауын жасап жатыр. Қызылорда қаласындағы М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде жұмысын бастаған. №174 референдум учаскесіне таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беруге шарасы басталып кетті. Бұл сайлау учаскесінде 1026 азамат таңлау жасау […]