Референдум халқымыздың бірлігін айшықтаған ірі саяси оқиға болды. Оның қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 77,18 пайызы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдады. «AMANAT» партиясының өкілдері аймақтық үгіт-насихат жұмыстарын тыңғылықты атқарудың нәтижесінде сайлаушылар жоғары белсенділік танытты. Депутаттар референдумды насихаттаудан бөлек, халықтың тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын да көзбен көріп қайтты. Халықпен бетпе-бет кездесіп, мұң-мұқтажын, арман-тілегін тыңдаған Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповскихпен сұхбаттасқан …