11 шілде күні партияның жастар қанатының кезектен тыс VI съезі басталды. Зерендіде, табиғат аясында 350 делегаттың басын қосқан жиынның форматы да, бағыты да бұрынғыдан өзгеше. Съездің жаңалығы жастар қанатының атауы «Жастар Рухы» болып өзгергені болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырысында съезд делегаттарына арнайы үндеу жолдады. Жиынның ашылу салтанатында патриотизмді, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жас қазақстандықтардың …