– Президент Қ.Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес кеше Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса мән берілетінін мәлімдеді. Биыл инженерлік-техникалық мамандықтарға 60 пайыз стипендия бөлінетін болды, былтыр 36 пайыз болған екен. Міне, жастарға мемлекеттік көңіл бөлу осындай деңгейде жүргізілуі керек. Негізі барлық салада жастарға жақын болып, олардың ой-пікірін, арман-мақсатын тыңдау керек. …