«TALQYLAU» партиялық алаңында сарапшылар референдум туралы ойларын ортаға салды деп хабарлады turkystan.kz. «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Қоғамдық саясат институтының базасында іске қосылған «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Ашық пікірталас барысында сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары референдумның маңызын талқылады. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде жалпы ұлттық референдум арқылы Конституцияға енгізу үшін ұсынылып отырған түзетулер Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтары – ашықтық …