Қостанай облысы Лисаков қаласының №3 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Манарбек Құмаров сайлау учаскелерінде сайлаушылар қарасы қалың екенін жеткізді. Оның айтуынша, тұрғындар Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда белсенділік танытып, толассыз келуде. – Дауыс беруге таңертең тоғыздар шамасында барғанмын. Бәрі заң жүзінде өтіп жатыр. Сайлау учаскісіне келген халық өз ретімен дауыс беріп жатыр. […]