Алматы қаласының іргесіндегі Қарасай ауданына халық тығыз қоныстанған. Облыс экономикасына қосар үлесі қомақты аймақтың халқы өздерінің саяси белсенділігімен де ерекшеленеді. Қоғам өмірінен тысқары қалмайды. Бұл жолғы референдумның бұған дейінгі дауыс беру шараларынан өзгеше екенін жете сезінгендіктен болар, тұрғындар ешкімнің үгіт-насихатынсыз-ақ, таң атысымен сайлау учаскелеріне дауыс беруге ағылды. Солардың бірі, сайлау учаскесіндегі бақылаушылық міндетін атқара жүріп, […]